Жол апатынан бір жасқа толмаған сәби қаза тапты

1 367

Фото: pixabay.comСолтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

СҚО полиция департаментінің мәліметінше, 4 қараша күні Шал ақын ауданы Арай ауылының маңында жергілікті маңыздағы жолда «ВАЗ 2107» автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қиыршық тастардың үйіндісіне барып соғылған.

Алған жарақаттардың салдарынан 2024 жылы туған көліктегі нәресте медициналық мекемеге бара жатқан кезде қайтыс болды. «ВАЗ 2107» автокөлігінің жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы аудандық ауруханаға жатқызылды. Медициналық куәландыру жүргізушінің мас болмағанын көрсетті.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.