Насыбай сатқан кәсіпкерлер 3 млн теңге айыппұл төлейтін болды

1 355

Фото: pixabay.comАстананың Сарыарқа ауданындағы кейбір дүкендер заң тыйым салғанына қарамастан насыбай және темекі өнімдерін сатқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, 2024 жылы жалпы қала бойынша 70 дүкеннен осындай факт тіркелген. Кәсіпкерлерге 3 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

«Рейд барысында Республика, Жеңіс даңғылы, Гете, Ә.Молдағұлова, Ы. Дүкенұлы көшелері қамтылды. Егер рейдтік іс-шара кезінде насыбай сатқан тұлғалар анықталса, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде қарастырылған жаза қолданылады және насыбай тәркіленеді. Істер министрлігінің тапсырмасы бойынша рейд жалғасады», - деді Сарыарқа ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы Ғалымжан Кәбір.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.