Депутат Дайрабаевтың басы тағы да дауға қалды

316

Желіде Жигулидің 140 млн теңгенің үйін заңсыз тартып алғаны туралы бейнежазба тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Әлеуметтік желіде, Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың 140 миллион теңге тұратын үйді тартып алғаны туралы айтқан ер адамның видеосы тарады. 


Оның айтуынша депутат, заңсыз сотқа араласып біреудің үйін өз атына аударып алған көрінеді.


Алайда бұл ақпараттың рас немесе жалған екені белгісіз. Ал тұрғынның қолындағы құжаттарда депутаттың аты-жөні толықтай жазылғанын көруге болады.


Айта кетейік, осыған дейін су жаңа депутаттың, жер мәселесіне қатысты басы дауға қалған еді. Себебі оның екі ұлы құлпынай көшеттері үшін мемлекеттік субсидиялар алған, әрі бір бөлігі алаяқтық жолмен ұрланып, жеке қажеттіліктеріне жұмсалғаны анықталды. Нәтижесінде қаржыны жымқырғаны үшін және Мемлекетке 550 млн теңге зиян келтіргені үшін сотталған еді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.