Қызылорда тұрғынынан 300 келіге жуық есірткі тәркіленді

1 584

фото: polisia.kzҚызылорда облысының тұрғынынан 267 түп қарасора тәркіленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Polisia.kz мәліметінше, облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі өсірген аудан тұрғынын ұстады.


Күдіктінің ауласынан биіктігі 1,5-2 метр болатын 267 түп қарасора тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 248 келі 740 грамм. 


"Қазір күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр", – деді полиция қызметкерлері.


Айта кетейік, биыл 1 маусым мен 31 қазан аралығында елімізде «Қарасора – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.