Сырдарияда қоғамдық саяси-ахуал тұрақты
Сырдария ауданында қоғамдық саяси-ахуал тұрақты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Қашанда жергілікті халық тұрақтылықты сақтауға өз үлестерін қосуда. Өз кезегінде сан салаға бөлінген аудандық қоғамдық даму бөліміні тарапынан атқаралған іс-шараларды, жобаларды тізбектеп көпшілікке жеткізуге мақсат еттік.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және құрметті қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 43 материал және әлеуметтік желілер арқылы 72 пост жарияланды. Аудан көлемінде 5 сыртқы көрнекі ақпарат құралдары орнатылды (билборд). Бірнеше жылдан бері мемлекеттік рәміздер бір орталықтан қаржыландырып, аудандық қоғамдық даму бөлімі арқылы таратылады. Аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелердегі рәміздердің жай-күйі күнделікті қатаң бақылауға алынған. Сонымен қатар, ауданда мемлекеттік рәміздердің жай-күйін бақылау монитринг тобының тоқсан сайын 2 рет зерделеу жұмыстары жүргізілді. Есепті кезеңде 24 рет зерделеу жұмыстары жүргізілді. Анықталған кемшіліктер дер кезінде жойылды.
2023 жылы Сырдария ауданы бойынша қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 103 шара енгізілді. Ұлттық мерекелер мен мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер бойынша – 41 шара, негізгі өткізілетін шаралар – 28, мерейтойлық шаралар – 24, еске алу шаралары – 10 шара енгізілді. Жоспарға енгізілген шаралар кең көлемде аталып өтті.
Көрнекі үгіт-насихат құралдары аясында аудан бойынша 168 дана (96 тұғыр) көрнекі үгіт-насихат құралдары орналасқан. Кент бойынша көрнекі үгіт насихат құралдарының саны - 59 дана (31 тұғыр: 1 беттік - 4 дана, 2 беттік - 26 дана, 3 беттік - 1 дана). Елді мекендер бойынша көрнекі үгіт насихат құралдарының саны - 109 дана (65 тұғыр: 1 беттік - 21 дана, 2 беттік - 44 дана).
2023 жылы Сырдария ауданы бойынша 14-35 жас аралығындағы 11727 жас бар. Сырдария ауданы халқының 30 пайызын жастар құрайды.
Жұмыспен қамту мәселесі бойынша 805 азамат тіркелсе, оның ішінде 231 жас тұрақты жұмысқа, 8 жас әлеуметтік жұмысқа, 141 жас жастар практикасымен,116 жас қоғамдық жұмысқа орналасқан.
«Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекемесінің жұмысын үйлестіруге жергілікті бюджеттен 21 599,0 мың теңге қаржы бөлінсе, қоғамдық даму бөлімінің «Жастарға патриоттық тәрбие беру және жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау әлеуметтік қызметін ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында (бөлінгені-3 445,0 мың теңге, келісім шарт 2 741,3 мың теңге) қаржы бөлінді. Әлеуметтік жоба аясында 9 шара (форум-2, фестиваль-1, спорттық сайыс – 3, кездесу – 2, Жайдарман ойыны – 1) ұйымдастырылып, оған 270 адам қамтылды.
Сырдария ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары аудан әкімімен бекітіліп, бүгінгі күнге жалпы 83 шара ұйымдастырылып, оған 4274 жас қамтылды.
NEET санатындағы жастарды өзектендіру мақсатында отбасылық цифрлық картасы іске қосылып, аудан бойынша NEET санатындағы 245 жастың (тұрақты жұмыспен қамтылған – 10, бейресми жалдамалы жұмысшы –35, тіркелмеген жұмыссыздар – 1, үй шаруасында – 18, 35 жасқа толған жастар – 53, өзге мемлекетке кеткендер – 3, қайтыс болғандар – 1) тізімі анықталып, 72,65 пайызды құрап отыр.
Сырдария ауданы бойынша 22 азамат пробациялық бақылауға алынған (Айдарлы а/о-1, Аманкелді а/о-3, Бесарық а/о-1, Қоғалыкөл а/о-4, Н.Ілиясов а/о-1, Ақжарма а/о-1, Шаған а/о-2, Тереңөзек кенті-8 жас). Аудандық пробация қызметі және аудандық жастар ресурстық орталығымен меморандум жасалып, шартты түрде сотталғандар мен бақылаудан бөлек, бас бостандығынан айырылғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында әр айдың 5 күні кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Республикада танылып жүрген жобалардың бірі бұл жастар еңбек бригадасы жобасы. Аудан әкімінің қолдауымен 6 ауылдық округте (Айдарлы, Аманкелді, Бесарық, Жетікөл, Шіркейлі, А.Тоқмағанбетов) жастар бригадалары құрылып, 60 гектар жерге картоп және бау-бақша өнімдері егіліп, бригада қатарында 150 жас жұмыссыз жастар қамтылды.
Сырдария ауданы бойынша шағын және орта бизнес саласында 678 жас кәсіпкер (жалпы тіркелген ШОК субъектілерінің саны-3196). Жастардың үлесі жалпы тіркелген бизнес субъектілерінің 21,2 пайызын құрап отыр.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру мақсатында 1 380,0 мың теңгеден 23 жас кәсіпкерге 31,7 млн.теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілсе, «Аграрлық несие коорпорациясы» арқылы жастарды қолдау мақсатында жеңілдетілген 2,5 пайызбен несиеге 91 жас кәсіпкер 407,7 млн теңге, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 5 жас кәсіпкер 27,6 млн.теңге, «Микорбизнес-Қызылорда» бағдарламасы бойынша 6 жас 41,5 млн теңге, «Аграрлық несие коорпорациясы» арқылы «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 2 жоба 28,5 млн теңге және «Іскер» бағдарламасы бойынша 5 жоба 23,5 млн.теңге, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 3 жас 10,1 млн теңгеге қаржыландырылған болатын.
Kyzylorda-news.kz