Мектеп мұғалімі қызды ұрлап, ауылына алып кеткен
Қарағанды облысында мектеп мұғалімі қызды алып қашып, өз ауылына жеткізген. Алайда ата-анасы бойжеткенді дер кезінде құтқарып, полицияға арызданған. Алайда құқық қорғау органдары істі 10 айдан бері созбалап келеді екен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.
Қарағанды облысында мектеп мұғалімі қызды алып қашып, өз ауылына жеткізген. Алайда ата-анасы бойжеткенді дер кезінде құтқарып, полицияға арызданған. Алайда құқық қорғау органдары істі 10 айдан бері созбалап келеді екен.
Мәліметке сәйкес қыз жігітпен өткен жылдың желтоқсан айында танысып, екі аптадай кездескен. Кейін қарым-қатынасты тоқтатқысы келген. Содан соң 23 жастағы жігіт қыз жұмысынан шыққан кезде достарымен бірге оны ұстап, көлікке күштеп отырғызып, ауылына алып кеткен. Бойжеткен ата-анасына геолокацияны жіберіп үлгерген. Ауылға барғанда оны жігіттің туыстары мен қолында ақ орамалы бар анасы күтіп тұрған. Қыздың жақындары ауылға дер кезінде жетіп, алып кеткен.
Бойжеткен полицияға арыз жазғанымен, оны 1,5 айдан кейін ғана тіркеген. Ал істің қозғалғанына 10 ай өтсе де, нәтиже жоқ. Қыздың туыстары аудандық, облыстық прокуратураға, тіпті Бас прокуратураға шағымданған. Бірақ әр жолы "күте тұрыңыздар" деген жауап алған.
Қыз бен оның туыстары күдіктіні заң аясында қатаң жазалауды талап етті. Қазір іс "Адам ұрлау" бабымен тергеліп жатыр екен.







