Қала мен аудан әкімдіктері 11 мың гектардан аса жер телімін заңсыз таратқан

177

Батыс Қазақстан облысында әкімдіктер  23 жер учаскесін жекеменшікке заңсыз таратқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жер қатынастары саласындағы бірқатар бұзушылық анықтады.


Бәйтерек, Ақжайық аудандарының және Орал қаласының әкімдіктері жалпы ауданы 11 348 га болатын 23 жер учаскесін өтеусіз негізде жекеменшікке заңсыз берген.


Талдау барысында сауда-саттық пен аукцион өткізбей жер беру, бизнесті жүргізу үшін алынған жердің нысаналы мақсаты өзгергені, бұрын уақытша жер пайдалануға берілген бизнеске арналған жер учаскелерін сатып алу құқығынан бас тарту, рекреациялық аймақта жер учаскелерін беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және басқа да тәуекелдер анықталды, - деп мәлімдеді ведомство.


Антикордың хабарлауынша, бұл сала сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне барынша бейім. Мәселен, Орал қаласында және Бәйтерек ауданында инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін жалпы ауданы 61 га болатын 42 жер учаскесі жалға берілген.


Сондай-ақ қала аумағында нысандарды салу үшін рекреациялық аймақта 200-ге жуық жердің заңсыз берілгені анықталды. Бұған жер заңнамасымен тыйым салынған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.