Қызылорда қаласына жылу қашан берілмек?

1 417
Қызылорда жылу беру маусымына жүз пайыз дайын болғанның өзінде, әлі де  жылу берілмейтіндігі  туралы белгілі болды  – деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Қызылордада   нормативті мерзім бойынша жылу беру маусымы 15 қазанда басталмақ. Егер де ауа райы күрт өзгеріп, күн суытып жатса мерзімінен бұрын берілетіндігі мәлім болды. Алайда, құндақтағы перзенттерінің суық тиіп қалмаса игі еді деп отырған аналар да баршылық. Осы орайда,  «Бүгінде қаламыздың  ауа темепературасы +3 көрсетіп тұр. Яғни, күн күрт суытып кетті. Қала әкімі Ғанибек Қазантаев  жылуды жылдағыданда ертерек беруге тырысса  екен. Болмаса, үйіміз салқын, балаларымыз жиі ауырып қалып жатыр.» – дейді қала тұрғыны Арайлым Өтегенова.

Ал, Қызылорда қаласының энерготиімділік және инфрақұрылым даму басқармасы: «Жылдағыдай жылуды қазан айының 15 күні қосамыз. Жылу құбырлары толық тексеріліп, ішіне су айдалып қойдық. Қаладағы жылу қазандықтары жылу беруге дайын.  Қалалық әкімшілік жылуды бүгін бер десе де, дәл қазір үйлерді жылу құбырларына қосуға дайынбыз. Алайда, қала әкімі Ғанибек Қазантаевтың рұқсат беруін күтіп отырмыз» - дейді.

Әлеуметтік желілердің бірінде әлі де жылу құбырларының толық жөндеуден өтпегенін байқауға болады. Атап айтсақ, Абай Құнанбаев даңғылы 32 үйдің жылу қазандығы биылғы қыс мезгіліне дайын емес. КСК «Азамат» төрайымы Қайтанова Әсемнің айтуынша, «Қызылорда жылу электр орталығы» аталған мекен-жай бойынша жылу құбырларына жылуды қоспайтынын ескерткен. Өз қаражаттарыңыздың есебінен  үйдің құбырларын жөндей беріңіздер, десе-ді. Ал, бұл жердегі тұрғындардың барлығы  бай-бақуатты емес, бірі көпбалалы отбасыдан болса, енді бірінің тұрмысы өте төмен. Сонда билік басындағылар халықтың жағдайын тек осылай ойлайтын болғаны ма?»,- деді.

Сонда,  ЖЭС мекемесі биылғы жылу құбырларын жеңіл желпі тексере салғаны ма?!  Еске салсақ,  жылу әлеуметтік нысандарға, оның ішінде мектептер мен мектепке дейінгі оқыту нысандарына білім беру ордаларына   бірінші болып берілмек. Ал, көпқабатты тұрғын үйлер мен қосалқы мекемелер жылу қазандығына кестеге сай қосылатыны белгілі болды.
 
журналист,
Динара БАУЫРЖАНҚЫЗЫ