ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАЛАЛ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙМЕК
497
Еліміздің қоршаған ортасына зиян келтіргендер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Егер олардың бұл әрекеті дәлелденсе 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылатын болады,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда-ақ мақұлданған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі жаңалықтарының бірі осы.
Жаңа құжаттар бойынша баяндама жасаған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, бұл шешім ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өнеркәсіптік, тұрмыстық немесе өзге де шығарындылармен немесе қалдықтармен бітелу, улану, ұзақ мерзімді пайдаланушылардың жерді ластауы немесе өзге де бүліну фактілеріне байланысты қабылданды.
Осыған орай қолданыстағы Қылмыстық кодекстің жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету және жер қойнауын заңсыз өндіруге жол бермеу мақсатында Қылмыстық кодекстегі 334-баптың 1-бөлігінде айқындалған әрекеттер қылмыстық теріс қылық санатынан қылмысқа ауыстырылды. Осылайша қоршаған ортаға залал келтіргендерге 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны енгізу арқылы санкция күшейтіледі. Осы баптың 2-бөлігінің санкциясы да 3 жылдан 4 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қатаңдату арқылы өзгертілді. Осы баптың 1-бөлігінің диспозициясына өзгерістер енгізіліп, қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамын қалыптастыру үшін келтірілген залал мөлшерінің шегі, яғни ірі мөлшерден елеулі залалға дейін төмендетілді. 3-бөлімде ерекше қорғалатын табиғи аумақта аса ірі залал келтіргені үшін жазаның неғұрлым қатаң түрін қарастыру ұсынылады.
Қазақстанның ұлттық парктері мен басқа да табиғи байлықтарын қорғау мақсатында экологиялық залал келтіргені үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне де бірқатар өзгерістер енгізіліп отыр. Оның бірі сүрек дайындау және тасып әкетуді құрғату кезінде орман пайдаланушылардың өрт қауіпсіздігі қағидалары мен санитариялық қағидаларды сақтамауы себебінен орман алқаптарында орман өрттерінің және зиянкестер ошақтарының пайда болу фактілері жыл сайын артуына байланысты жасалды. Себебі, Қазақстан орманы аз ел. Республика аумағының небары 5 пайызы ғана осындай алқапқа тиесілі екен. Сондықтан ормандарды сақтау мақсатында орман пайдаланушылардың жауапкершілігін күшейту қажет. Жаңа құжатта Әкімшілік кодекстің 368-бабының 2-бөлігінде «Кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудің, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы орман материалдарын алудың белгіленген тәртібін бұзу» ерекше қорғалатын табиғи аумақта жасалған іс-әрекеттер үшін айыппұл сомасы ұлғайтылады. Ұлттық парктерді қатты тұрмыстық қалдықтармен ластаудың өзекті проблемаға айналуына байланысты орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдіру, ластау және орман қоры жерлеріне өзге де залал келтіргені үшін айыппұлдар мөлшері өспек. Соңғы жылдары ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерінде жеке тұлғалардың болу тәртібін бұзу жағдайларының саны күрт өсті. Егер 2017 жылы барлығы 41 құқық бұзушылық жасалса, 2020 жылы пандемияға қарамастан тоғыз жүзден астам адам жауапкершілікке тартылған. Осыған байланысты заң жобасында айыппұл мөлшерін 2 АЕК-тен 5 АЕК-ке дейін ұлғайту көзделіп отыр.
Қазіргі уақытта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылмаған, алайда Қылмыстық кодексте көзделген. Осыған байланысты Әкімшілік кодекс «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу» бабымен толықтырылды. Осы бап бойынша жауаптылық ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн елеулi залал келтiру арқылы бұзған жағдайда туындайды. Бұл бапта ЕҚТА режимін бұзу жағдайларына, бірақ қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған жағдайда қолданылатын болады. Қылмыстық кодекске: заңсыз ағаш кесудің тұрақты динамикасын ескере отырып, Заң жобасымен елеулі залалды 100-ден 50 АЕК-ке дейін, ірі залалды 1000-нан 500 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылды.
Тағы бір жаңалық «экологиялық залал» термині «залал» деген ұғыммен ауыстырылды, өйткені қылмыстық заңнамада құқықтық анықтамасы жоқ. Қоғамдық қауіпті зардаптарды анықтауға қатысты ұғымдар Қылмыстық кодексте «ірі залал және iрi мөлшерде» және «ерекше iрi залал және аса iрi мөлшерде» деп бекітілген. Сондай-ақ, экологиялық залал келтіргені үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында жоғарыда айтып кеткеніміздей 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны енгізу арқылы санкция күшейтілді.
Заң жобасы талқыланған кезде депутаттар осы «экологиялық залал» ұғымының «залал» ұғымына ауыстырылуына байланысты алаңдаушылық білдірді. Мәселен, депутат Ердос Абақановтың айтуынша, бұл шешім экологиялық ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін. Бұл орайда ол экологиялық залал деген ұғымның құқық бұзушы әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына қарамастан өз есебінен ремедиацианы жүзеге асыруға міндеттейтініне назар аудартқан еді. Экологиялық кодексте айқындалған талап бойынша ремедиация дегеніміз табиғи компоненттерге келтірілген зиянды зиян келтіруші өз есебінен қалпына келтіруді көздейді. Сондықтан «экологиялық залал» ұғымын ауыстыру Қылмыстық кодексте айқындалып отырған талапқа сәйкес мүліктік залал үшін айыппұл төленді деген сылтаумен жекелеген табиғат пайдаланушылардың болашақта ремедиациядан бас тартуына мүмкіндік береді. Алайда, заң жобасын жасаушы құзырлы ұйым өкілдері бұл қауіпті теріске шығарды. Олардың айтуынша, «экологиялық залал» деген ұғымды «залал» деген сөзбен ауыстыру жөніндегі ұсыныс Қылмыстық кодексте экологиялық залал ұғымының болмауына байланысты жасалды. Бірақ Қылмыстық кодекстің үшінші бабында атап өткендей ірі залал, елеулі залал деген ұғымдар қарастырылған. Сол ұғымдардың арасында экологиялық деген ұғым бар. Ол Экологиялық кодекстің аталмыш ұғымына сілтеме жасайды. Соған сәйкес егер азамат немесе заңды тұлға қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық жасаса ремедиациядан босатылмайды. Жалпы, қылмыстық жауапкершілік немесе әкімшілік жуапкершілікке тарту ремедиациядан босатуды білдірмейді.
А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА