Шымкентте дене шынықтыру сабағынан кейін 12 жастағы оқушы көз жұмды

402

Шымкентте 7-сынып оқушысының жағдайы дене шынықтыру сабағында нашарлап кеткен. Ауруханаға жеткізілген оқушы жансақтау бөлімінде көз жұмды,-  деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқушы №1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатта оқыған. 19 қараша күні дене шынықтыру сабағында бала өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтқан. Мұғалім оқушыны жеке кабинетіне алып барып, мектеп дәрігерін шақырған. Тексерістен кейін жедел жәрдем қызметіне хабарланған. 

Бала аурухана жеткізілген, алайда өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. 

"Ауруханамен байланысқа шығып, оқушымыздың жағдайы туралы нақты ақпарат алғымыз келді. Бірақ 20 қарашада анасына хабарласқанымызда баланың көз жұмғанын білдік. "Жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі" диагнозы қойылған", – деп мәлімдеді мектеп директоры.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.