ЖИ арқылы 4500-ден аса құқықбұзушылық анықталды

1 511

Атырау облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект негізіндегі бейнеаналитика жүйесі енгізіліп, 400 камера ЖИ арқылы жұмыс істеп тұр, аталған қызмет арқылы 4500-ден астам құқықбұзушылық анықталған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап.

Жүйе азаматтардың жүзін танып, агрессивті мінез-құлықты, адамдардың шамадан тыс жиналуын және өзге де күмәнді жағдайларды автоматты түрде тіркейді. Мұндай жайт анықталған сәтте жедел қызметтерге бірден дабыл сигналы жіберіледі. Сондай-ақ, жүйеге іздеудегі, есептегі тұлғалардың фотосуреттері енгізілген. Олар камера обьективіне ілінген бойда бет пішіндері арқылы сәйкестендіріліп, лезде жедел басқару орталығына хабарлама түскен. Атырау облысы Полиция департаменті жедел басқару орталығы бастығының орынбасары әрі жедел ден қою бөлімінің бастығы Жанат Рахметованың айтуынша, бейнеаналитика жүйесі өз тиімділігін дәлелдеп үлгерген.

«Жыл басынан бері бейнеаналитика жүйесінің көмегімен 72 адам анықталып, оның ішінде 28 құқық бұзушы полицияға жеткізілді. Анықталғандардың басым бөлігі – әуежай, теміржол және автовокзал аумақтарында жасанды интеллект арқылы бет бейнесі сәйкестендіріліп танылған азаматтар», деді ол.