Жемқорлықтың және қылмыстың алдын алу жөнінде әскери қызметшілерге арналған шара өтті

316

Фото: Қызылорда гарнизоны«Тәртіпсіздікке жол бермеу» қағидасын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда гарнизонының бастығы подполковник Ербол Әбдірайым, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Бақтияр Дәуренқұлов және гарнизонның әскери бөлім командирлері мен мекеме басшыларының қатысуымен пікірлесу кеші өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Кездесудегі басты мақсат – әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды қатаң сақтауды, қызметтік этиканы ұстауды, адамдардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау.

Әскери бөлім командирлері мен мекеме басшылары өз кезегімен сөз алып, әскери қызметшілерге адалдық пен парасаттылықты көрсетуді және сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырды.
        

 Сонымен бірге әділет капитаны Бақтияр Дәуренқұлов, шараға қатысушыларға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың талдауы мен жол–көлік оқиғасының деректері туралы мәліметтерді жеткізді.
 
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы 
лейтенант Мұхит Қонаров

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.