Семейде жүргізуші анасы мен екі баласын қағып, қашып кетті

359

Семейде жүргізуші анасы мен оның 2 және 3 жасар балаларын қағып, қашып кетті- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдегендей, жол-көлік оқиғасы 10 қараша күні сағат 18.00 шамасында болған.

«Көлік тізгіндеп келе жатқан жүргізуші Морозов-Шевченко көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған екі баласымен жолдан өтіп келе жатқан әйелді қағып кетті. Содан кейін ол тоқтамастан сол жерден із суытқан», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Әйел адам мен оның балаларына медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олардың өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.