Байланыстың жоқтығынан көмек шақыра алмаған отбасы тірідей жанып кетті
1 623
Алматы облысында үйден шыққан өрттен 40 жастағы ер адам мен оның кішкентай екі баласы көз жұмды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кепебұлақ ауылында орын алған. Айтуларынша, жер үйден шыққан өрттен әкесі мен кішкентей екі баласы тірідей жанып кетті. Тұрғындар уақытында көмек шақырып, өрт сөндірушілерге хабар бере алмаған. Өйткені, ауылда ұялы байланыс жоқ.
Осыған байланысты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі түсінік берді.
Белгілі болғанындай Кепебұлақ ауылында «Кар-Тел» ЖШС операторы ұялы байланыс қызметін ұйымдастыруы тиіс болған, ал «Кселл» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС операторлары бірлескен келісім шеңберінде (инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану) қызмет көрсетуге міндетті еді.

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кепебұлақ ауылында 524 адам тұрады. Байланыс операторларының дерегінше, елді мекенде Ұялы байланыс 2G-«КаР-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Кселл» АҚ байланыс технологиялары қолжетімді. Байланыс операторы берген лицензиялық міндеттемелерге сәйкес 500-ден астам халқы бар елді мекендер кем дегенде 2G стандартының дауыстық байланысымен қамтамасыз етілуі тиіс. Алайда байланыс операторлары өздерінің лицензиялық міндеттемелерін орындамады,- деп хабарлады ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов.
Белгілі болғанындай Кепебұлақ ауылында «Кар-Тел» ЖШС операторы ұялы байланыс қызметін ұйымдастыруы тиіс болған, ал «Кселл» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС операторлары бірлескен келісім шеңберінде (инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану) қызмет көрсетуге міндетті еді.
Алайда, «Кар-Тел» ЖШС басқа екі ұялы байланыс операторы үшін бірлескен келісім шеңберінде ұялы байланыс инфрақұрылымын ұйымдастырған жоқ, осыған байланысты осы ауылдағы байланыс сапасы белгіленген талаптарға сәйкес келмейді. Операторларға қатысты көрсетілетін қызметтердің сапасына тиісті тексеру жүргізіліп, операторларға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады,- деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері.