Ақтауда 11 жасар бала жоғалып кетті

255
Ақтауда 4 желтоқсаннан бері 11 жастағы Нұрислам Мәмбеков іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

4 желтоқсан күні сағат 16:35-те бала "Ақтау" сауда ойын-сауық орталығынан белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп жазды lider.kz еріктілер қозғалысының парақшасы. Оны еріктілер мен құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр.

Ерекше белгілері: бойы 150-155 см, шашы қара, көзі қоңыр. Бетінде мең бар. Үстінде: қара көк түсті күрте, көк бас киім, бүйірінде ақ жолағы бар қара трико. Сөмкесі мен киім салынған пакеті болған.


Жоғалған баланы көрген-білгендер болса мына нөмірге хабарласа алады: +7(700)499-72-92, +7(700)729-20-12 немесе 102.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.