55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем кімдерге тағайындалмақ?

604

Мемлекет басшысы ауыр және зиянды өндірісте жұмыс істейтін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем беруді тапсырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде өндірісте жарақат алу көрсеткіші әлі де жоғары болып тұр. Ал зиянды өндірісте жұмыс істейтін азаматтарды қолдау мәселесі бұрыннан бері талқыланып келеді. Бүгінде оның шешімі табылды.


"Өз саласына сіңірген үлесін және денсаулығына келген зиянын ескере отырып, ондай жұмысшыларға зейнет жасқа жеткенге дейін 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем берілетін болады. Парламентті үкіметтің ұсынысын тездетіп қарауды сұраймын. Адамдар осы мәселенің шешімін күтіп отыр", - деді Тоқаев бүгінгі жолдауда.


Сондай-ақ президент жылдың аяғына дейін 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдауды тапсырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.