Массаж арқылы стрессті басамын»: TikTok-тағы тікелей эфирден кейін әйел жазаланды
Талдықорған тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер қолданғаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облысы Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге кезекті мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері TikTok-тағы тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер қолдану дерегін анықтаған.
Құқық бұзушы Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұған дейін әйел осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, ол қоғамдық тәртіпті тағы да бұзған.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері қажетті материалдарды жинап, істі сотқа жолдады.
Сот істі қарау нәтижесінде әйелді кінәлі деп танып, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның кәмелетке толмаған балалары бар екені ескеріліп, әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Осы жағдайға байланысты тәртіп сақшылары қазақстандықтарға әлеуметтік желілерде де заң талаптарын сақтау қажеттігін еске салды.
Полицияның түсіндіруінше, әлеуметтік желілер заң талаптары қолданылмайтын кеңістік емес. Көпшілікке арналған тікелей эфирлерде жалпыға ортақ мінез-құлық нормалары сақталуы тиіс. Заңда көзделген негіздер болған жағдайда балағат сөздер қолдану әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Қаз
Рус






