Зәр құйылған бөтелке жүргізуші әйелдің терезесін сындырып, көзіне зақым келтірген
16 қазан күні Қарағанды – Алматы тасжолында, Балқаш қаласының маңында алда келе жатқан Lada Priora автокөлігінен артында келе жатқан көлікке зәр құйылған шыны бөтелке лақтырылған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бөтелке көліктің капотына соғылып, алдыңғы әйнегін тесіп өтіп, салонның ішімен ұшып, артқы әйнектен шығып кеткен.
Алдыңғы әйнектің ұсақ сынықтары жүргізушінің көзіне түскен. Жүргізуші әйел нөмірдегі Қарағанды облысының аймақтық кодын есінде сақтап қалғанымен, қатты шошынғандықтан қалған сандарын айта алмаған.
Қарағанды облыстық полиция департаменті аталған оқиғаның тіркелгенін растады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Қаз
Рус






