Қазақстан үстімен ұшқан Ресей ұшағы апаттық сигнал берді

1 511

Фото:ledgerinsights.comРесейдің S7 Airlines әуе компаниясына тиесілі Новосібірден Махачкалаға бағыт алған жолаушылар ұшағы Қазақстан аумағының үстімен ұшу кезінде апаттық сигнал берген, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Осыдан кейін экипаж ұшу бағытын өзгертіп, Омбы қаласына қарай бет алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесінің бортында 189 адамға дейін болуы мүмкін. Алайда жолаушылар мен экипаж мүшелерінің нақты саны әзірге нақтыланбаған.

Дабыл сигналының берілуіне не себеп болғаны және ұшақтың Омбы әуежайына қонған-қонбағаны туралы ресми ақпарат әзірге жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.