Қызылордада Қазпошта мекемесіне тиесілі жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды

396

Қазпошта мекемесіне тиесілі жүк көлігінің жүргізушісі мас күйінде көлік басқарған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



31 наурыз күні республикалық маңызы бар Самара – Шымкент тасжолының 1475 шақырымында Қазалы ауданының тұсында патрульдік рота бекетінің қызметкерлері жол ережесін бұзған КамАЗ жүк көлігін тоқтатқан.


Ішімдік ішіп, көлік айдаған жүргізушіні полицейлер сараптамадан өткізу үшін Қазалы аудандық аурухананың наркологиялық бөліміне апарып, оның орта дәрежелі мас күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар, тексеру барысында жүк көлігінің Казпочта мекемесіне тиесілі екені белгілі болды.


Алматы қаласының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жүк көлігі айып тұрағына қойылды.


Жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.