Кафеде есірткі де сатылған
Елордалық сыра кафелерінің бірінде есірткілік зат сатылған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі
Қалалық полиция қызметкерлері “Дармек” жедел алдын алу іс-шарасы аясында аймақтағы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізудің жолын кесті.
Елорда кафелерінің бірінде осыған дейін де есірткі қылмысы бойынша сотталған 44 жастағы әкімші ұсталды. Ол сыраны сатумен айналысқан болып, өз мекемесінде есірткілік шөпті сатқан.
Кафені тінту кезінде қораптан гашиш салынған пакет анықталды. Пакетте сатуға дайындалған гашиш салынған 30 полиэтиленді орама табылды.