Сарыағашта оқушымен жыныстық қатынасқа түсті деп күдікке ілінген мұғалімнің ісі сотқа жіберілді

248

Фото: https://ru.pinterest.com/Түркістан облысы Сарыағаш ауданында оқушымен жыныстық қатынасқа түсті деп күдікке ілінген мектеп мұғалімнің үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды. Тергеу жұмыстары үш ай бойы жүргізілген. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Еске сала кетейік, жұрттың жағасын ұстатқан оқиға көктемде белгілі болған еді. 30 мамыр күні Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның сөзінше, кәмелетке толмаған қызына жыныстық сипаттағы әрекеттер жасалынған. Көп ұзамай, бұл іске қатысты күдікті ретінде мектеп мұғалім ұсталды.


 "Полицейлердің қырағылығы арқасында ағымдағы жылы үшінші маусымда күдікті ретінде жас жігіт анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс 9 тамызда Қылмыстық кодекстің 122-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сараланды. Істің толық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу амалдары жүргізілді. Осылайша қылмыстық іс 3 ай бойы тергеліп, айыптау актісімен сотқа жолданды",- делінген хабарламада.