Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған кеңес: өз бизнесіңді қалайша сауатты жоспарлау керек
Fingramota.kz-тен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған қадамдық нұсқаулық жарияланды,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Өзінің меншікті бизнесін ашу туралы көп адамдар армандайды. Алайда, кез келген бизнес жан-жақты дайындықты талап етеді. Арманыңызды жүзеге асыру үшін барлық тәуекелдерді, жұмсалатын еңбекті және уақыттық ресурсты бағалау, сондай-ақ барлық міндетті шығындары есептеу қажет. Дегенмен де, өз ісіңізді ашуға бел бусаңыз неден бастау қажет?
1-қадам. Бағытыңызды анықтап алыңыз
Ең алдымен қандай іс сіздің қызығушылығыңыз тудыратынын және қандай істі жақсы білетініңіз жөнінде ойлаңыз – осылайша сіз жаңа идеялар қоса аласыз және ықтимал қателердің алдын аласыз. Сондай-ақ, өзіңізді және өз уақытыңызды арнағыңыз келіп отырған бизнес сізге ұнауға тиіс, бұл өз ісіңіздің пайдасына таңдау жасаудың бірден бір себебі.
Нарыққа толық мониторинг жүргізіңіз, сіздің әлеуетті клиенттеріңізді қандай тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер қызықтыратынын, бәсекелестеріңіз не ұсынатынын және олардан өзіңіздің артықшылығыңызды талдаңыз. Есіңізде болсын, тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер құнының нарықта ең төмен болуы — жалғыз артықшылық болмауға тиіс, ұсынатын өнімнің немесе қызметтердің сапасы жөнінде ұмытпаңыз.
1-қадам. Бизнес – жоспар жасаңыз
Егжей-тегжейлі бизнес-жоспар құрыңыз, онда сіз көрсететін қызметтер немесе өндіретін/сататын тауарлар, бастапқы капитал көрсетілуге, көрсетілетін қызметтер немесе өнімдер нарығының талдауы болуға тиіс. Сіз көрсететін қызметтер немесе өндіретін тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі, артықшылығы неде, оны сату арналары қандай, алдағы уақыттағы шығындар және т. б. анықтап алыңыз.
Егер сіз бизнесті жаңадан бастаған болсаңыз, сізге арнайы үй-жай қажет болғанша үйден жұмыс істеуді қарастырыңыз. Осылайша, сіз үй-жай, жиһаз, көлік және т.б. жалдау ақысын үнемдейсіз.
3-қадам. Бастапқы капитал табыңыз
Бизнесті алғаш ашқан кезде кредит алмауға, оның орнына қарызға ақша алып, аз да болса, бизнесті өз ақшаңызбен бастауға тырысыңыз. Кез келген бизнесті бастағанда тәуекелге барасыз, егер бастаған ісіңіз сіз ойлағандай болмаса, оны тоқтатқаныңыз жөн, себебі кредиттік міндеттемелерді айлап, тіпті жылдар бойы төлеуге тура келеді.
Алайда, егер бизнесіңізді бастауға шешім қабылдасаңыз, онда шағын бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды (гранттар, конкурстар, жеңілдіктер және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік субсидияларды), әлеуетті инвесторларды тарту мүмкіндігін немесе краудфандингті (ұжымдық қаржыландыру) қарастырыңыз. Соңғы екі нұсқада келешекте орын алуы мүмкін түсініспеушілікті болдырмау үшін бизнесіңізге инвесторлардың/краудфандингтердің үлесін бірден анықтап алу қажет.
4-қадам. Бизнесіңізді тіркеңіз
Шағын бизнесіңізді ашу үшін дара кәсіпкер (ДК) ретінде тіркелу жеткілікті. Бұл мәртебе ісін жаңа бастағандарға қолайлы, себебі оны тіркеу де, қажет болса тарату да оңай. ДК мәртебесі өз ісімен заңды түрде айналысуға және салықтарды адал есептеу және төлегенде одан пайда алуға құқық береді.
ДК тіркеу қызметі толығымен автоматтандырылған, сіз elicense.kz порталы арқылы онлайн өтінім бересіз, лицензиарды, яғни бекітілетін салық органын таңдап, ДК атауын, мекенжайын, қызмет түрін (ЭҚЖЖ) туралы мәліметтерді көрсете отырып, өтінішті толтырыңыз және салық салу режимдерінің бірін таңдаңыз.
5-қадам. Бизнесіңізді алға жылжытыңыз
Сіздің идеяңыз іс жүзінде өзін көрсетті, Сіз бірінші пайда таптыңыз, тауарларды жеткізуге немесе қызмет көрсетуге тиімді шарттар жасадыңыз, бизнесіңізді белсенді түрде дамытып, жетілдіретін кез келді. Клиенттерді көбірек тарту үшін бизнесті сауатты жылжыту қажет. Контингентке назар аударыңыз – сіздің өніміңіз кімге арналғанын талдаңыз және олардың негізінде жарнама стратегиясын дайындаңыз; бастау үшін танымал сайттар, көрнекі жарнамалар арқылы онлайн сатылымдарды бастаңыз, содан кейін өз брендіңізді веб-сайтыңызда және әлеуметтік желілерде алға жылжытыңыз.
Жарнамалық науқандарды іске қосу жаңа сатып алушыларды тарту және сіздің клиенттік базаңызды құру үшін өте маңызды.
6-қадам. Бизнесті сақтандыру арқылы қорғаңыз
Тауарды тасымалдау кезінде ешкім де оның ұрлануы, бүлінуі, өрт және тағы басқалары сияқты төтенше жағдайлардың қашан болатынын білмейді. Сіз бизнесіңізді сақтандыру арқылы күтпеген жағдайларда орын алатын тәуекелдерді азайта аласыз. Бүгінгі күні сақтандыру компаниялары нақты бизнестің ерекшелігіне қарай бөлінген сақтандыру өнімдерінің сан алуан түрін ұсынады. Өзіңізге жауапкершілікті сақтандыру сияқты оңтайлы жолды таңдаңыз.
Сақтандыру ұйымының лицензиясының бар-жоғын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мынадай: https://www.gov.kz сайтының/«Қызмет» бөлімі – «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» – «Сақтандыру секторында» тексеруге болады.
7-қадам. Бизнесті дамытыңыз
Мұнымен тоқтамаңыз. Сіздің жобаңыз сәтті болып, айналымдағы қаражат көбейе түсті, анағұрлым ірі аренаға шығу туралы ойлануға уақыт келді. Мысалы, сіз әйелдерге арналған киімдер сатасыз, неге әйелдерге арналған қосымша түр жиынтықтарын немесе балаларға арналған өнімдерді сатылымға қоспасқа. Немесе сіз консалтингтік қызмет көрсету саласында жұмыс жасайсыз, онда осы салада көрсетілетін қызметтер тізімін кеңейтіңіз.
Көптеген жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін өзінің ақша қаражатына тиімді тәсіл - бұл өркендеген бизнеске апаратын жол. Бизнесіңізді тиімді пайдалану үшін осы кеңестерді пайдаланыңыз.
ТІЗІМГЕ
Қалай инвестор болуға болады: биржаға жаңадан келген адамға неге инвестициялау керек
Халықтың инвестициялық өнімдерге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді және бұл көбіне технологиялардың дамуына және азаматтарға брокерлік шоттарды оңай ашуға мүмкіндік беретін рәсімдердің жеңілдеуіне байланысты.
Орталық бағалы қағаздар депозитарийінің (KCSD) деректері бойынша 2022 жылы Қазақстан қор нарығының бүкіл тарихында инвесторлардың рекордтық өсуі тіркелді. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың 99%-ы – қазақстандықтар. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша инвесторлардың KCSD-дегі шоттарының (қосалқы шоттарының) жалпы саны 2022 жылы 149,3%-ға өсіп, 550,2 мыңды құрады. Оның ішінде жеке тұлғалар шоттарының саны 547,1 мыңды, заңды тұлғалар шоттарының саны 3,1 мыңды құрады.
Дегенмен, инвестициялаудағы тәжірибе мен білімнің жетіспеуіне байланысты барлық бөлшек инвесторлар, мысалы, акциялар сияқты қаржы құралдарын сатып алу кезінде тәуекелді бағалай алмайды.
Инвестициялау – бұл сіздің ресурстарыңызды капиталды ұлғайту мақсатында пайдалану. Инвестициялау негіздерін үйрену арқылы сіз ақша табуды бастай аласыз, бірақ қаржылық еркіндікке апаратын жолдың басында жиі кездесетін қателіктерден аулақ болғаныңыз жөн.
Егер сіз қор нарығына инвестиция салғыңыз келсе, алдымен мынаны мойындауыңыз керек: біріншіден, тәуекелдерді дұрыс бағалау өте маңызды, екіншіден, инвестициялау әрқашан шығындар қаупін тудырады. Биржаға жаңадан келгендердің көпшілігі ойланып шешім қабылдау және нарықтық үрдістерді қадағалау арқылы өз байлығын арттыруға болады деп қуанады. Бірақ сіз өз дағдыларыңыздың деңгейін дұрыс бағалауыңыз керек: логикалық ойлауды үйреніңіз, инвестицияның ықтимал пайдасы туралы ғана емес, сонымен қатар ықтимал тәуекелдер туралы ойланыңыз, шешім қабылдау процесінде эмоцияларға жол бермеңіз. Қор нарығын әрқашан болжап отыру мүмкін емес және онда секунд сайын болып отыратын оқиғаларға импульсивті түрде қарамау керек, бұл тек шығынға әкелуі мүмкін.
Табысты инвесторлар акциялар, облигациялар немесе басқа нәрсе болсын, өздері инвестиция салатын қор нарығын түсінеді. Олар пайда табу үшін алдымен саралап алып шешім қабылдау қажет екенін біледі және сынақтар мен қателіктер арқылы ондай дағдыларды үздіксіз үйренеді.
Көптеген жағдайда ақшаны аз мөлшерде салудан бастаған дұрыс. Бұл бос қаражат болуы тиіс, ешбір жағдайда ол қарызға алынған және сіздің соңғы жинақтарыңыз болмауға тиіс! Инвестицияларды қосымша табыс көзі ретінде қарастырыңыз.
Инвестициялауда алғашқы қадамдар жасай отырып, қателіктер жіберу заңдылық, себебі сіз енді үйреніп жатырсыз, алайда қателіктер сіздің капиталыңызға айтарлықтай әсер етпеуі керек. Неғұрлым көп тәжірибе жинақтап, өз орныңызды жетік білетін болсаңыз, соғұрлым көп ақша инвестициялай аласыз.