Жұмыс орнында қаза тапқан судьяның ұлы мемлекеттен 48 млн теңге өндіріп алды
2023 жылдың 10 наурызында Орал қалалық сотының тергеу судьясы Нұрлан Ғұбашев жұмыс орнында көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап.
55 жастағы ер адам жұмыста кенет ауырып қалған. Ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.
Өлімге әкелген жазатайым оқиғаларды тергеу комиссиясы оқыс оқиға жұмысқа байланысты туындаған жоқ деген қорытындыға келді. Нұрлан Ғұбашевтың өліміне қолқа доғасының невризмасы, жүрек тампонадасының жоғарғы доғасы аневризмасының жыртылуы себеп болды.
Нұрлан Ғұбашевтың ұлы комиссияның бұл шешімімен келіспей, сотқа жүгінген.
Іс материалдарынан судья ұлын жалғыз өсіргені белгілі болды. Талапкер әкесінің өлімі қызметтік міндеттерін орындау кезінде болды деп тануды талап етіп, 60 айлық лауазымдық жалақысы, яғни 48 миллион теңге біржолғы өтемақы өндіруді сұрады. Ол кезде судьяның жалақысы 800 789 теңге болған.
№2 сот іс материалдарын зерделей келе, талап-арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Осылайша Нұрлан Ғұбашевтың өлімі Орал қаласының тергеу сотының төрағасы, судьясы қызметтік міндеттерін атқару кезінде болды деп тану туралы шешім қабылданды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша сот әкімшілігі департаменті марқұмның ұлының пайдасына 48 миллион теңге төлеу керек.
Соттың шешімі заңды күшіне енді.