Облыстық филиал “Таза Қазақстан” акциясына үн қосты!
Облыстық филиал “Таза Қазақстан” акциясына үн қосты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Табиғат – адамның алтын бесігі, тіршілік атаулының талбесігі. Оны аялау, қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осы ұстанымды негізге алған “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы елімізде жарияланған “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына үн қосты.
Игі бастама аясында облыс бойынша қалалық және аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарының, сондай-ақ басқарма қызметкерлері “Таза жағалаулар”, “Жасыл аула”, “Өз ағашыңды отырғыз” сынды табиғатты қорғауға бағытталған бірқатар шараларды ұйымдастырды.
Акция барысында жүзге жуық тал-терек отырғызылды. Сонымен қатар, ХҚКО-ға қарасты барлық нысандардың аумағы қоқыстан тазартылып, абаттандырылды.
Мұндай шаралар тек қана қоршаған ортаны көркейтіп қоймай, өскелең ұрпақтың бойына табиғатты сүю мен жанашырлық сезімін дарытатын, ұлт болашағына бағытталған маңызды қадамдардың бірі екені сөзсіз.