«Қазсушардың» басшылық лауазымындағы 5 қызметкері жазаланды
Жоғары аудиторлық палата тексерісінің қорытындысы бойынша «Қазсушардың» басшылық лауазымындағы 5 қызметкері жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексерістің қорытындысы бойынша заң бұзушылыққа жол берген «Қазсушардың» басшылық лауазымындағы 5 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тексеріс соңына қарай «Қазсушар» бас директорының міндетін атқарушы лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ, жобаларды іске асыру бөлімі мен гидротехникалық құрылыстарды пайдалану бөлімінің басшылары, Жетісу облысы бойынша филиал директоры, Жетісу облысы бойынша филиалдың бас инженері және Ақтөбе филиалының директоры жауапкершілікке тартылды.