Бір бөлмелі пәтерге 109 адамды тіркеген

1 523

Фото: stock.adobe.comАлматы прокуратурасы заңсыз миграция фактісін анықтады. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, бір бөлмелі пәтерге 109 адамды тіркеген, бірақ шын мәнінде олар онда тұрмаған. Бұл қызмет үшін ақша алынған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Пәтердің иесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сот үкімімен оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

"Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа жол бермеу мақсатында көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады", - делінген хабарламада.

Сот қылмыскерді бір жылға бостандығынан шектеу жазасына кесті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.