«Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы»
171

Орталық директорының міндетін атқарушы Гульназ Айдарбекова кіріспе сөзінде кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылатындығына, сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіздігіне баса назар аударды. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу әрбір азаматтың міндеті екендігін атап өтті.


Сондай-ақ, шарада әкімшілік және персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің маманы А.Нұрмағамбетов қызметкерлерді ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 2-тарау, 6-бабының 11) тармағымен және 24-бабының тиісті талаптарымен таныстырып, «Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында әңгіме өрбітті.

Сонымен қатар, орталық ғимаратының жастар жиі болатын жерлеріне көпшілікке көрінетіндей етіп, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті әзірлеген түрлі үгіт парақшалары орналастырылды.