Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбайдың бейнесі бар монеталарды айналымға шықты

1 571

Қазақстан Ұлттық банкі «Банкноталардағы портреттер» сериясынан Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай коллекциялық монеталарын айналымға шығарды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«2011-2013 жылдары Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай коллекциялық алтын монеталары айналымға шықты. Коллекционерлер мен халық тарапынан болған сұранысты ескере отырып, серия күміс және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталармен толықтырылып отыр», - деп хабарлады Ұлттық банк.

Күміс монеталар 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы – 2 000 дана.


Нейзильберден жасалған монеталар: әрқайсысы МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, uncirculated дайындау сапасымен, номиналы 200 теңгелік, таралымы 50 000 дана жасалды.


Коллекциялық монеталар 8 желтоқсаннан бастап https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.


Ұлттық банк жаңа монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында өз белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті екенін атап өтті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.