Қазақстанда никаб киюге тыйым салатын норма енгізілмек

1 266

Фото: pixabay.comМәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ақорда кулуарында "Қазақстанда никаб киюге заңмен тыйым салына ма?" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мәдениет министрлігі басшысы бұл мәселеге келгенде жеке заң жоқ екенін, алайда Ішкі істер министрлігі никаб киюге тыйым салатын норма қарастырып жатқанын айтты.

"Жеке заң жоқ екенін айтқым келеді. Ішкі істер министрлігі қарастырып жатқан норма бар. Ол норма никабқа тыйым салуды көздейді. Бұл норма қазір мәжілісте қаралып жатыр. Мәжілістің өз рәсімдері бар, менің білуімше, бірінші оқылымда талқылау жүріп жатыр немесе талқылап тастады", – деді Аида Балаева.

Осы жылдың қаңтар айында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров дін тарату үшін үй-үйді аралап,қоғамдық орындарда никаб киюге тыйым салатын заңға қол қойған еді. Нәтижесінде көрші елде мемлекеттік органдарда және қоғамдық орындарда азаматты анықтауға мүмкіндік бермейтін киім кигені үшін жауапкершілік енгізілді. Мұндай киімді жұмысына немесе медициналық себептерге байланысты киюге ғана рұқсат етіледі.