Ажыраспақ болған әйелін қорқытқысы келген оралдық азаматтың басы бәлеге қалды

465

Фото: pixabay.comОралдық азамат ажыраспақ болған әйелін бопсалаймын деп басы бәлеге қалды. 

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметіне сенсек, ер адам әйелімен ажырасқысы келмеген.

 Қарсылығынан түк шықпаған соң, келіншегінің жалаңаш түскен видеоларын тума-туыстары мен барлық таныстарына тарататынын айтып, қорқытыпты.
 
Айтқанына көнбеген соң, әйелінің бейәдеп видеоларын жақындарына WatsApp желісі арқылы жіберіп үлгерген. Осылайша ол сүйген жарын ұялтып, отбасына кері қайтаруға тырысқан екен. 

Ал келіншегі болса, бірден полицияға шағым түсірген. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ерлі-зайыптылардың арасындағы дауды енді сот шешпек. 

"Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 311-бабы, 1-бөлігі, яғни порнографиялық материалдарды заңсыз тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заң бойынша күдіктіге 2 мың АЕК көлемінде айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған", - дейді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиева. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.