Apple компаниясы iPhone 13 тұсаукесер рәсімін өткізді

440
14 қыркүйек күні Apple жаңа өнімдерінің тұсаукесрін өткізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Онда iPhone 13 смартфондары, i Watch Series 7 сағаттары, жаңа iPad және басқа гаджеттер таныстырылды.

Жаңа iPhone 13 пен iPhone 13 mini A15 Bionic процессорымен жұмыс істейді және батарея сыйымдылығы артқан. Смартфондардың диагоналы 6,1 және 5,4 дюйм болады.

"Өте берік және сенімді, су және шаң өткізбейді", - деді компания өкілі Кайен Дрэнс жаңа өнім туралы.

 Айтуынша, жаңа өнім бес түсте шығарылады, ал құрылғы дисплейі 28 пайызға жарық болады.

IPhone 13-тің бағасы 799 доллардан басталады, ал iPhone 13 mini 699 доллардан басталады. Бұл 128 гигабайт жадысы бар iPhone бағалары.

Phone 13-тің қуаты алдыңғыларына қарағанда 1,5 сағатқа, iPhone 13 Pro 2,5 сағатқа ұзақ жұмыс істейді алады.
Компания өкілінің айтуынша, iWatch Series 7 сағаты берік және шаңға төзімді болады, сонымен қатар торлы дисплейге ие. Сағат батареясы 18 сағат жұмыс істеуге жарамды. Жаңа заттың бағасы - 399 доллар.

iPad-ты таныстыра отырып, бас директор Тим Кук жаңа планшеттің "одан да әмбебап болатынын" айтты. Ол iPad сатылымы былтырғымен салыстырғанда 40 пайызға өскенін және олардың танымалдығы өсе беретінін болжағанын айтты. Жаңа iPad үлгісінде A13 Bionic процессоры мен жақсартылған камера бар.