Мас күйде жол апатын жасаған әкімдік қызметкер жұмыстан шығарылмаған
1 490
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мас күйде жол апатын жасаған шенеуніктің жұмыстан шығарылмағанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте аймақ басшысынан мас күйде жол апатын жасаған әкімдік қызметкері туралы сұраған.
"Бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Аяқталған соң материалдан сотқа беріледі", – дейді Төреғалиев.
Ал аталған қызметкердің жұмыстан қуылған немесе қуылмағаны туралы сұрағанда, әкім оның қызметінде екенін айтты.
"Қазір ол жұмыста жүр", – деді БҚО басшысы