Мас күйде жол апатын жасаған әкімдік қызметкер жұмыстан шығарылмаған

1 503

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: mgorod.kzБатыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мас күйде жол апатын жасаған шенеуніктің жұмыстан шығарылмағанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте аймақ басшысынан мас күйде жол апатын жасаған әкімдік қызметкері туралы сұраған. 

"Бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Аяқталған соң материалдан сотқа беріледі", – дейді Төреғалиев. 

Ал аталған қызметкердің жұмыстан қуылған немесе қуылмағаны туралы сұрағанда, әкім оның қызметінде екенін айтты. 

"Қазір ол жұмыста жүр", – деді БҚО басшысы



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.