Полиция полковнигінің ұлы 10 жылға сотталды

1 150

Фото: pixabay.comБатыс Қазақстан облысының полиция бастығы орынбасарының ұлы есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұған дейін жігітті алқабилер ақтап шыққан еді. Іс 2024 жылғы 21 қазанда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қайтадан қаралды. Қылмыстық құқық бұзушылық «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сараланды.

Айыпталушының қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар болған жоқ. Алқабилер сотының үкімімен сотталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.