Әскердегі сарбаздар азық-түлікке онлайн тапсырыс бере алады

1 512

Фото:© Қорғаныс министрлігіӘскери сарбаздар арнайы терминалдар мен планшеттердің көмегімен азық-түлік пен күнделікті қажетті тауарларға тапсырыс бере алады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

 Ассортиментте тағам өнімдерімен қатар дайын ас, бәліштер және фастфуд түрлері де қарастырылған. Қазақстанда мерзімді әскери қызметшілерге арналған Voenmart сервисі пилоттық режимде іске қосылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа жоба сарбаздардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған. Фото:© Қорғаныс министрлігі

Қазіргі уақытта сервис Алматы облысы мен Астана қаласындағы бірқатар әскери бөлімдерде, сондай-ақ Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде сынақтан өткізілуде. Ассортиментте тағам өнімдерімен қатар дайын ас, бәліштер және фастфуд түрлері де қарастырылған. Тапсырыстар әскери бөлімдердің аумағына дейін жеткізіледі. Жеткізу қызметі тегін, сарбаздар тек тапсырыс берген тауардың құнын ғана төлейді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жоба әзірге тестілік кезеңде жүзеге асырылып жатыр. Оның тиімділігі бағаланғаннан кейін сервисті еліміздің өзге де әскери бөлімдеріне енгізу мәселесі қаралатынын хабарлаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.