Желтоқсан айынан бастап жазғы дөңгелекпен жүргендер айыппұл төлейді
201
Желтоқсаннан бастап заң бойынша жазғы дөңгелектермен жүргендер 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қыстың басталуы мен суық ауа райына байланысты жолдардағы көлік қозғалысы ерекше назар аударуды қажет ететінін атап өтті.
Ережені бұзған жағдайда 5 АЕК (15 315) көлемінде айыппұл салынады екен. Ал бір жыл ішінде осы ереже қайта бұзылса, онда айыппұл көлемі артады. Сонымен қатар, жазғы шиналардың қыста қатып қалып, тұтқырлық қасиетінен айырылуы, ең кемі алдыңғы көлікті сәл іліп кетуге мәжбүр етсе, кей жағдайда оқиғаның қайғылы аяқталуына әкеп соғуы да ғажап емес.
Қыста жүруге рұқсат берілетін бұдырлы шиналар ішінде қар ұшқыны бар үш шыңға ие тау іспеттес белгімен және М+S, M&S не M S белгілерімен таңбаланады.
Бұл ретте шина бұдырының тереңдігі кемі 4 мм болуы тиіс.

Жеңіл көліктер мен аз тонналы жүк көліктерінің желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында тек қысқы не барлық маусымға арналған дөңгелектердің кейбірімен ғана жолға шығуына рұқсат беретін талап кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде жазылған, – делінген хабарламада.