Сыр елінде егін жинау науқаны қарқынды жүруде
97
Биыл Сыр елінде барлығы 188,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, өткен жылмен салыстырғанда 451 га артық егілді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде дәнді дақылдар 91,7 мың га, майлы дақылдар 5,9 мың, мал азықтық дақылдар 71,3 мың га, картоп, көкөніс, бақша 19,6 мың га егілді.
Негізгі дақыл күріштің көлемі 78,6 гектар болып, өткен жылмен салыстырғанда 5,0 мың гектарға қысқартылды.
Облыс аумағында егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемдерін суармалы сумен қамтамасыз етілуі негізінен Сырдария өзенінің жоғарғыдан келетін су көлеміне тікелей байланысты.
Қазіргі таңда егін жинау науқаны облыста қарқынды жүруде, шаруашылықтар бойынша ескі жоңышқаның 2 орымы аяқталып, 3 орымы жалғасуда барлығы 228,3 мың тонна шөп дайындалып, орта өнім гектарына 54,0 центнерден айналды.
Егілген 24,1 мың гектар жаңа жоңышқаның орылған 21,1 мың гектарынан 20,5 мың тонна жоңышқа шөбі жиналып отыр (орта өнімі 9,8 цн/га).
Сонымен қатар, биылғы жылы егілген 358 гектар қант құмайының 338 гектары жиналып, 1,6 мың тонна өнім алынды (қант құмайынан орта өнімі 47,1 цн/га алынды, 2021 жылы 8,7 центнерден өнім алынған). Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.
Ерте егілген дәндік дақылдарды жинау ағымдағы жылдың тамыз айында толық аяқталды. Облыс бойынша егілген 5,8 мың гектар күздік бидай дақылы толығымен жиналып, 10,2 мың тонна өнім, 5,3 мың га жаздық бидайдан 4,2 мың тонна өнім, 325 гектар жаздық арпадан 174 тонна өнім, 566 гектар тарыдан 79,2 тонна өнім алынды.
Қазіргі таңда, картоп, көкөніс, бақша және майлы дақылдармен қатар негізгі дақыл күріш жинау жұмыстары атқарылуда.
Бүгінгі күні, 4,1 мың гектар картоптың 2,4 мың гектары, 6,5 мың гектар көкөністің 6,1 мың гектары және 8,9 мың гектар бақшаның 8,3 мың гектары жиналып, картоптың әр гектарынан 119,5 центнерден, көкөністен 169,1 центнерден, бақшадан 213,6 центнерден өнім алынуда. Картоп, көкөніс және бақша дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда.
Сондай-ақ, мақсары және дән жүгері дақылдарын жинау жұмыстары атқарылуда. Бүгінгі күні егілген 5,6 мың гектар мақсарының 5,5 мың гектары жиналып, 5,1 мың тн, 730 гектар дән жүгерінің 730 гектары жиналып 3,2 мың тн өнім алынды. Орта өнім мақсарыдан 9,2 центнерден, дән жүгеріден 43,3 центнерден айналуда.
Облыс бойынша егілген 78,6 мың гектар күріштің суын байлау жұмыстары толық аяқталып, күрішке орақ салу жұмыстары 20 тамыздан басталды.
Облыс бойынша егілген 78,6 мың гектар күріштің суын байлау жұмыстары толық аяқталып, күрішке орақ салу жұмыстары 20 тамыздан басталды.
Бүгінгі күні 49,8 мың гектар күрішке орақ салынып, орылған көлемнің 41,4 мың гектары бастырылды. Әр гектарынан орташа 52,9 центнерден өнім алынуда.
Егін жинау науқанын ағымдағы жылдың 10 қазаннан кешіктірмей аяқтау жоспарлануда.