Баласына дұрыс тәлім-тәрбие бере алмаған 345 адам ата-ана құқығынан айырылды

1 138

Фото: pixabay.comБиыл 9 айда баласына дұрыс тәлім-тәрбие бере алмаған 345 адам ата-ана құқығынан айырылды. Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Бас прокуратура деректеріне сәйкес, кәмелетке толмағандар жасайтын құқық бұзушылықтың жоғары деңгейі сақталып отыр. Айталық, осы жылдың 9 айында балалар қылмысының 50 фактіге (2024 жылдың 9 айында – 1 263, 2023 жылдың 9 айында – 1213 қылмыс) өскені байқалады. 2024 жылдың 8 айында балаға тәлім-тәрбие беру міндетін лайықты орындамағаны үшін 84 мың заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 345 адам ата-ана құқығын айырылды. Девиантты мінез-құлқы бар 125 жасөспірім балаларға арналған арнаулы мектепке жіберілді», - деп атап өтеді Үкімет басшысы.

Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған 4 арнаулы мектеп бар. Оларда 161 бала тәлім-тәрбие алып жатыр. Сондай-ақ, Абай облысында ұстаудың айрықша режимі бар бір арнаулы мектеп (13 бала тәлім-тәрбие алып жатыр) жұмыс істейді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.