Үш ер адам зейнеткерлерді аяусыз соққыға жыққан: біреуі көз жұмды

1 576

Фото: ашық дерек көзіӨзбекстанда үш ер адам зейнеткерлердің үйіне кіріп, үй иелерін аяусыз соққыға жыққан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Зейнетке шыққан ерлі-зайыпты тұратын үйге түнде үш ер адам бас сұққан. Үйден құнды ешнәрсе таппай, үй иелерін ұрып-соғып кеткен. 

Шабуылшылар оқиға орнынан бой тасалап, іздерін жасыру үшін бетперделері мен қолғаптарын арыққа лақтырып тастаған.

Алған жарақатының салдарынан үй иесі, 70 жастағы зейнеткер алты күн жатқан жансақтау бөлімінде жатып, кейін қайтыс болды. Әйелі де ауруханаға жатқызылды. 

Жедел іс-шаралар барысында қылмыскерлер ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалып, Қылмыстық кодекстің 164-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.