Зәулім үйі мен қымбат көліктері бар 610 отбасы заңсыз әлеуметтік көмек алған

277
Шымкентте 610 отбасы қағаз жүзінде әлеуметтік көмекке мұқтаждар санатында тұрып, іс жүзінде зәулім үйде тұрып, қымбат көлік мінген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қалада 610 отбасы аз қамтылғандығы жөніндегі анықтаманы қолдан жасаған.Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының хабарлауынша, олар табыстарын жасырған. Қағаз жүзінде әлеуметтік көмекке мұқтаждар санатына жатқызылғанымен, іс жүзінде зәулім үйлерде тұрып, қымбат көліктер мініп жүрген.

“Хабар 24” арнасының дерегінше, заңсыз төленген АӘК көлемі 30 млн теңгеден асады. Енді азаматтар оларды қайтаруы тиіс. Көптеген отбасылар бұл істі сотқа жеткізбестен, өз еркімен қайтаруға шешім қабылдаған. Алайда кейбіріне полицейлер "Алаяқтық" бабы бойынша тергеу жүргізуге мәжбүр.

391 отбасы өз еркімен бюджетке 17 миллион 502 мың теңге қайтарды. Сотта тағы 219 отбасының ісі қаралды, екі жүз факт бойынша шешім шықты. Бірақ олардың қарызы әртүрлі. Біреу жәрдемақыны екі тоқсан алды. Біреуі бір рет. Әркімдікі әрқалай. Қазір аудит жүргізілуде, – деді Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.