Трактор мінген полицей ер адамды басып өлтірді

1 156

Фото: pixabay.comТрактор мінген полицей ер адамды басып өлтірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы Бұлдырты ауылында болды. Полиция майоры Бақытжан Қазақстанов МТ3-80 тракторын жүргізіп келе жатып, 45 жастағы ер адамды қағып кеткен, ол жедел жәрдем келгенше сол жерде жан тапсырған.

Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстановқа қатысты 345-баптың 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Бұл бап белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді", - делінген жазбада.