Қызылорда қаласы бойынша комиссия отырысы өтті

2 272

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіҚызылорда қаласы бойынша «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның» кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде еңбек қатынастары туралы қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Отырысқа қала бойынша кәсіпорындар мен ұйымдар, еңбек жанжалдарының туындауы мүмкін тәуекел деңгейінде қалыптасқан кәсіпорын өкілдері шақырылып, әлеуметтік төлемдерді кешіктіріп төлейтін кәсіпорындарға шара қолдану туралы түсіндірілді. Кәсіпорын басшыларының әлеуметтік төлемдердің кешіктіріліп төленуі себептері тыңдалып, барлық мекеме өкілдеріне уақытылы төлем жүргізу тапсырылды.

Айта кету керек, бүгінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетімен кәсіпорындар мен ұйымдардағы туындауы мүмкін наразылықтардың алдын алу, мерзімінде шаралар қабылдау бағытында «Еңбек тәуекелдер картасы» жүйесі іске қосылып, жұмыс істеуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.