"Шығыс Қазақстаннан Қызылордаға дейін жерасты дүмпулері 7-9 баллға жетуі мүмкін" - сейсмолог

329
Қазақстанда соңғы 5 жыл ішінде 40 мыңға жуық жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Сейсмология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Нұрсарсен Өзбековтің айтуынша, еліміздің бірқатар өңірі сейсмикалық қауіпті аймақта тұр. 

Шығыс Қазақстан облысынан бастап, Қызылорда облысына дейін жерасты дүмпулері 7-9 баллға дейін жетуі мүмкін сейсмикалық қауіпті жерлер бар. Әсіресе, Алматы облысы бұл жағынан Орталық Азиядағы өте қауіпті аймақта орналасқан. Бұрын бұл жерде күшті жойқын жер сілкінісі бірнеше рет болған. Мәселен, 1887 жылғы Верный жер сілкінісін және 1911 жылғы Кемин жер сілкінісін айтуға болады, – деді ол. 

Сондай-ақ институт мамандары қазір еліміздің сейсмикалық қауіптілік картасын әзірлеп жатыр. Сейсмикалық аудандау, аймақтарға бөлу деп аталатын карталарда мұнда сейсмикалық қауіпті, сейсмикалық белсенді аймақтардың сейсмикалық әлеуетінің көрсеткіші  де көрсетілетін болады. Сонымен қатар, басқа карталар да құрастырылған, оның ішінде елді мекендер үшін жасалған карталар бар. Мәселен, Алматы қаласы  үшін  сейсмикалық микроаймақтандыру картасы әзірленді.

Соңғы бес жылда Қазақстан аумағында сейсмикалық аспаптармен 40 мыңға жуық жер сілкінісі тіркелді. Бұл геологиялық аймақтың сейсмикалық көріністегі өмірі. Яғни, аппаратуралар болмаса, адамзат баласының бәрі бірдей сезе бермейтін өте нәзік сілкіністер, – деп қосты Нұрсарсен Өзбеков. 

Оның айтуынша, халық  мейлінше сезінген жер сіліністері болған. Мәселен, соңғы бес жылда Қазақстан аумағында 66 сейсмикалық оқиға тіркелді. 2018 жылы – 20, 2019 жылы – 11, 2020 жылы – 15, 2021 жылы – 11, 2022 жылы – 9. Алматыда айқын сезілген соңғы жер сілкінісі 2022 жылдың 28 желтоқсанында Алматыдан 190 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытайдың шекаралас жерінде болды.

Сейсмологиялық жағдайды бағалау үшін Сейсмология институтының қызметкерлері әртүрлі өзектілік бойынша болжамды бағалаулар жасайды. Айталық,орта мерзімді болжам  және қысқа мерзімді болжамдар бар. Орта мерзімді жоспар жылына екі рет – жылдың  басында және ортасында нақтылаумен құрастырылады. Күні кеше ғана біз Алматы полигоны аумағындағы жер сілкінісінің орташа мерзімді болжамы бойынша қорытынды әзірлеп, уәкілетті органдарға тапсырдық. Бұл тұжырымға сәйкес, 2023 жылы Алматы полигоны аумағында жеті баллдық күшті жер сілкінісі күтілмейді, – Сейсмология институты директорының орынбасары Нұрсарсен Өзбеков.

Экономист Расул Рысмамбетовтың пікірінше, Түркияда болған зілзала қазақстандық құрылыс компанияларына берілген кезекті белгі деп есептейді. 

Түркиядағы трагедия – қазақстандық құрылысшылар мен құрылыс компанияларына берілген кезекті белгі. Бізде тұрғын үйлер салынғаннан кейін бір жыл өтер-өтпестен іргесі сөгіліп,  батпаққа батып жатады. Қазір бірқатар құрылыс компаниялары құрылыс нормалары мен ережелерін қайта қарау үшін маңызды лобби құрғанын білемін, қабырғаларын жұқа, сатысын жіңішке етіп салуға болады деп ойлайды. Бұған жол бермеу керек, сондықтан рұқсат алуды және құрылыс сапасына қойылатын талаптарды өзгертуді жеңілдету өте маңызды, – деді экономист. 

Еске сала кетейік, Түркияның Сириямен шекаралас өңірлерінде 7,6 баллдық ыжер сілкінісі болды. Соңғы ақпапатқа сәйкес, жер сілкінісі болған жерлерде 5 775 нысан зақымданды. Қайтыс болғандар саны 7 108 адамға жетті. Жарақат алғандар саны 41 мыңға жуықтады.