"Үйіне алдап кіргізген". Бес жасар баланы зорлаған үш баланың әкесі сотталды

339

Түркістан облысында көшеде ойнап жүрген баланы алдап үйіне кіргізіп алып, зорлаған ер адам сотталды. 35 жастағы азғынның үш баласы бар, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Жаға ұстатарлық жағдай Түркістан облысы Шұбарсу ауылында болған. Көшеде ойнап жүрген бес жастағы баланы "Менің үйіме жүр, балаларыммен ойнайсын" деп, үйіне кіргізіп алады. Балақайды екі бетімен жерге жатқызып, екі қолымен жылыту тұрбасын ұстатқызып, зорлаған.

Кейін оны полиция қызметкерлері қамауға алып, ҚК 121-бабының 4-бөлімімен (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) істі сотқа жеткізген.

Оның қылмысы сот сараптамасының қорытындысымен, жәбірленуші мен куәлардың жауаптары арқылы дәлелденді. Сот үкім шығарарда оның бұрын сотталмағанын, қылмысына шын өкінгенін ескерді,
деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.


Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен азғын әке 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары, яғни қатаң режимдегі түрмеде өтейді. Сот үкімі күшіне енді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.