Оқушының ата-анасы вакцина алмаса, бала мектепке бара ала ма: Министр жауап берді

599
Оқушының ата-анасы коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаса да, бала мектепке барып оқи береді. Себебі бұл – баланың құқығы. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ел көкейінде жүрген сұраққа жауап беріп, түсініктеме берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Министр бұл мәселе жайында Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты кезінде айтып өтті.

"Біріншіден, баланы мектепке бару құқығынан айыра алмаймыз. Екіншіден, ата-анасы ауырмаса, ауырған адаммен байланыста болмаса, балаға неге мектепке бармасқа? Ата-аналардың статусын да қарап отырамыз. Егер мектепке келген баланың, университетке келген студенттің дене қызуы болса, ата-анасы ауырса, сол сыныптағы баланың індетті жұқтырғаны анықталса, ол бала 14 күн қашықтан оқу форматына ауыстырылады", - деді Аймағамбетов.

Ал балалардың вакцина салдыру-салдырмауы білім министрлігінің өз құзырында емес.