Атырауда шизофренияға шалдыққан азаматтарға жүргізуші куәлігін берген

249

Атырауда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында эпилепсия мен шизофрения дертіне шалдыққан 30 адам жүргізуші куәлігін еш кедергісіз алғаны белгілі болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Елімізде эпилепсия және шизофрения диагноздарымен диспансерлік есепте тұрғандар адамдарға көлік тізгендеуге тыйым салынған. Алайда атыраулық науқастар жүргізуші куәлігіне еш кедергісіз қол жеткізген. Бұл туралы қалалық прокуратура өкілдері мәлім етті. 

“Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету прокуратура органдарының тұрақты бақылауында. Есепте тұрған адамдар басқа адамдардың өміріне қауіп төндіріп, жол ережелерінің талаптарын өрескел бұзған. Қазіргі уақытта Атырау қаласы прокуратурасының ұсынысы негізінде сот арқылы аталған тұлғаларды жүргізуші куәлігінен айыру мәселесі қаралып жатыр”, — деп хабарлады қалалық прокуратура.

Оның сөзінше, осы жылы эпилепсиямен ауыратын жүргізуші көлік жүргізіп келе жатып, басқа көлікке соқтығысқан. Соның салдарынан екінші көліктің жүргізушісі қаза тапты. Сот эпилепсиямен ауыратын науқасты кінәлі деп танып, бас бостандығынан айырды.