СОТ – МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ БІР ТАРМАҒЫ
355
Мемлекеттің маңызды салаларының бірі – сот жүйесі. Ал заң мен тәртіп – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын басты ұғым, ол соттардың төрелік етуінің кепілі болып, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Цифрлық технология ғасырының басталуымен Республиканың сот жүйесі өзінің жаңа кезеңі – модернизацияға қадам жасады. Осы кезеңде сот ісін жүргізуді оңайлату рәсімдерін енгізу, мамандандырылған соттар құру, алқабилерді қылмыстық істерді қарауға тарту, дауды баламалы реттеу құралдарын енгізу бойынша шаралар қабылданды. Осылайша, бүгінде сот жүйесінің өркендеуі, қоғамның сеніміне ие болуы үшін отыз жылдай уақыт қажет болды.
Ел Конституциясының 75-бабына сәйкес сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратыны бекітілген. Судьяға сот төрелігін уақытылы және сапалы жүзеге асыру, істі объективті, жан-жақты және толық қарау үшін үлкен жауапкершілік жүктелген. Судьяның жеке қасиеттері де бұл ретте маңызды рөл атқарады. Сот төрелігін іске асыру кезінде судья адал әрі бейтарап болуға, тек Конституцияға және Республиканың қолданыстағы заңнамаға ғана бағынуға тиіс. Бұл дегеніміз, мықты және тәуелсіз сот билігі – мемлекет пен азаматтық қоғамның үйлесімді өзара іс-қимылының қағидатты кепілдіктерінің бірі, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың басты құралы. Яғни, Конституция, сондай-ақ, оның негізінде қабылданған заңдар мен өзге де заңнамалық актілердің тұтас топтамасы сот жүйесін жетілдіруге барынша елеулі түрде әсер ете отырып, елде сот төрелігінің қағидаттық жаңа құрылымын жасауға бағытталған.
Д.КЕНТБАЕВ,
Қызылорда қалалық сотының
төрағасы