Алдағы күндері елімізде ауа райы суытып, 32 градусқа дейін аяз болады

482

"Қазгидромет" мамандары 28-30 желтоқсан аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы күндері Солтүстік-батыс циклоны елдің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына әсер етеді.

Салдарынан қар жауып, боран соғып, жел күшейеді.

Бұдан кейін суық ауа массаларының басып кіруінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.

Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана құбылмалы ауа райы сақталады. Термометр бағаны түнгі уақытта республиканың солтүстік жартысында 25-32 градус аязға дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.