Утилалымға жауапты екі шенеунік елден қашпақ болды

385
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС бас директоры Медет Құмарғалиев қамауға алынды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Telegram-дағы yyedilov арнасының мәліметіне сүйенсек, утилалымға жауапты екеуі елден қашпақшы болған кезде ұсталып қалған.

Кейбір деректерге сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС бас директоры Медет Құмарғалиевты ұстады. Екеуі де елден қашпақшы болған,— деп жазды ол.

Қазіргі кезде ұсталған азаматтар Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Кейіннен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми түрде бұл ақпаратты растады.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын растаймыз. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді,— делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.